ШҚОҚоғамТОПШҚО

Cемейде Абай ауданының әкімімен онлайн-брифинг өтті

Абай ауданының әкімі тоғыз ай қорытындысы бойынша аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей аймақтық телекоммуникация қызметінде өткен онлайн-брифингте Абай ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімов  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді.

  • Жыл басынан бастап ауыл шаруашылық ұйымдарымен және азаматтық тұлғалармен тірі салмақтағы 19 696,0 тонна ет, 28 235,0 тонна сүт, 990,4 мың жұмыртқа өнімдері өндірілді. Бүгінгі күні аудан бойынша  166 287 бас қой-ешкі малы, 81 528 бас мүйізді ірі қара, 49 979  бас жылқы малдары қолда бар. Қой-ешкі малы 100,3 пайыз, мүйізді ірі қара малы 102,6 пайызға, жылқы малы 102,1 пайызға өсіп отыр. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі осы мерзімге  1 344,5 млн.теңгені құрады. Бөлшек сауда тауар айналымы 1 510,3 млн. теңгені құрады, – деді Нұржан Әбдікәрімов.

Шағын бизнеске тоқталсақ, жыл басынан бастап 52 шағын бизнес нысаны есепте тұр, жұмыс істеп тұрғаны – 42.

  • Ауданның нақтыланған бюджеті – 4 млрд. 842 млн 296,1 мың теңге. Меншікті кірістер –   720,873 млн теңге. Еңбекпен қамту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны – 242 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 4,4 пайыз. Қазіргі уақытта 318 жаңа жұмыс орны ашылды. 410 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа 282 адам тартылды. Орташа еңбекақы 194 232 теңгені құрайды, – деп қосымшалады аудан әкімі.

Сонымен қатар ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

  • 2019-2020 ж.ж. 46 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға келді. Бәріне көтерме жәрдемақы және 25 жас маманға тұғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. Жалпы бұл бағдарлама басталғалы (2009 жылдан бастап) 252 маман ауылға келіп, 113 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. Қыркүйек айында 15 маманға көтерме жәрдемақы беріліп, 6 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді, – деп қорытындылады Нұржан Әбдікәрімов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button