ШҚОҚоғамТОП

ШҚО полицейлері мектеп маңына оқушы макетін орнатты

Алтай қаласындағы мектептердің бірінің жанында оқушы макеті орнатылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Балалардың қатысуымен болған ЖКО кез келген қоғам үшін өзекті тақырып. Жаяу жүргіншілер өтетін учаскелердегі апаттық жағдайларды азайту мақсатында Алтай қаласындағы № 9 мектептің жанындағы жолақты жол учаскесінде оқушы баланың макеті орнатылды.

Макетті эксперименттік тәртіпте орнатуға бастамашы болған Алтай ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тұрысбеков Ғалымбек Қанатұлы.

  • Алтай ауданы қалалық мәслихатының VII шақырылымының жетінші сессиясында Алтай ауданының полиция бөлімі Алтай ауданының барлық мектептерінің жанында мектеп оқушыларының макеттерін орнату туралы ұсыныс жасады, онда депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен аталған жұмысты жүзеге асыруға ақшалай қаражат бөлу мақұлданды, – деді баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта Алтай қаласында 8 макет, Серебрянск қаласында 4 макет, Жаңа Бұқтырма кентінде 1 макет орнату жоспарлануда. Аталған жоспарды жүзеге асыруды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланды.

Аталған жұмыс балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының профилактикасы және алдын алуға бағытталған. Полиция қызметкерлері балалардың макеттерін жүргізушілердің оны шынайы бала ретінде қабылдай алатындай етіп жасауға тырысты. Мектеп жанында орнатылған баланың макеті жүргізушілердің  жолда абай болуына барынша ықпал етеді.

Макетке еттері үйреніп қалған “лихач” жүргізушілер алдағы уақытта шын оқушыны қағып кетпесе болғаны!

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция департаментімен “Өскемен-Семей” тасжолында жылдамдық өлшегіш құрылғысы және патрульдік полиция көлігінің макеті орнатылған. Жылдамдық өлшегіштің макет екенін, сонымен қатар ешқандай жүйге қосылмағанын білген жүргізушілер жылдамдықты бәсеңдетпеуде, сондай-ақ аталған құрылғылардың жағдайы жанашырлық, әйнектері сынған. Екінші жағдайда, көлік макетін сындырып кеткен.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button