ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Volkswagen және Daewoo бетпе-бет соқтығысқан, Daewoo көлігінің 39 жастағы және 63 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Volkswagen көлігінің 49 жастағы жүргізушісі және Daewoo көлігінің 2003 және 2004 жылғы екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады, – деді ведомствода.
Semeynews.kz