ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да ұрланған қойды өзара бөліп алған ұрылар ұсталды

Шығыс Қазақстанда екі ұры ұрланған малды өзара бөліп алған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Алтай аудандық полиция бөліміне Серебряное шатқалындағы жайылым учаскесінен белгісіз тұлғалар 1 бас қойды ұрлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ағымдағы жылдың 12-13 қыркүйегіне қараған түні Алтай ауданының Бородино ауылында тұратын 37 және 34 жастағы екі ер адамды анықтады. Келтірілген шығын көлемі 70 000 теңге. Ұрланған жануарды тасымалдау үшін ұрылардың бірінің автокөлігі пайдаланылған. Кейін үй ауласында малды сойып, бөліп алған», – деп көрсетілген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button