Әлеуметтік желілерде Қ.Мұхамедханов көшесі бойындағы жер үсті өткелінің жарық шамдары талқандалғаны туралы фотосуреттер пайда болды. Semey24 инстаграм-аккаунтын пайдаланушылары жұлынған шамдарды көріп, өз наразылықтарын білдірді.
Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, 2021 жылғы 2 қазаннан 3 қазанға қараған түні № 6 гимназия маңындағы жер үсті өткелінің жарықтандыру жүйесі белгісіз адамдармен бұзылды.
«Бөліммен жер үсті өткеліндегі жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданады», – деп түсіндірді бөлімде.
Semeynews.kz