
Бұл туралы онлайн-брифингте «Жан-Ер» емханасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлсан Мұхаметжанова мәлімдеді.
- Біз өткен жылдан бастап медициналық-санитарлық көмек пунктінің бөлімшесі ретінде қызмет көрсетудеміз. Бізде үш учаске жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда 3500-нан астам адам вакцина алды. Көбінде «Спутник V» вакцинасымен жұмыс істейміз. «QazVac», «Sinopharm», «Спутник» вакциналарымен жұмыс істедік. Қазір уақытта қолда осы вакциналардың бәрі бар. Вакцинациялау екі кезеңмен жүргізілуде. Вакцина аламын деушілерге емхана есігі әрқашан ашық. Сонымен қатар біз консультация беру қызметін көрсетеміз. Өткен жылдан бастап мобильді топ жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта екі мобильді топ бар, біреуі қызмет көрсетуде, ал екіншісі – резервте. Былтырғы жылы КВИ-мен науқастану жағдайы жиі орын алды, биылғы жылы, вакцинаның арқасында науқастану саны азайды, – деді Гүлсан Мұхаметжанова.
Semeynews.kz