ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Желіде өртеніп жатқан полиция көлігінің видеосы тарады

Желіде өртеніп жатқан полиция көлігінің видеосы жарияланды. Кадрлар Атырауда түсірілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан көлік қала көшелерінің бірінде жанып жатқанын көруге болады. Автомобиль жанында өртсөндіргіштер тұр.

Атырау полиция департаменті өкілдері оқиға 1 қазанда сағат 18.30-да Азаттық көшесінде болғанын хабарлады.

“Nissan Almera автокөлігінен өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт тұйықталу салдарынан болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button