ШҚОҚоғамБілімТОПШҚО

ШҚО студенті Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқушылары арасында әлем елдерінің сайлау жүйелері бойынша олимпиадада жеңіске жетті

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығымен бірлесіп жоғары оқу орындары студенттері арасында жыл сайынғы «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» интернет-олимпиадасын өткізді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биыл олимпиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Бастапқыда олимпиадаға қатысуға Қазақстаның түрлі өңірлерінің 37 ЖОО-нан 354 студент өтінім берді. Іріктеу кезеңі барысында студенттер Қазақстан мен шет елдердің сайлау заңнамасы мен сайлау жүйелері бойынша білім деңгейін анықтау үшін онлайн-тестілеуден өтті. Сол тестілеудің қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең көп балл жинаған 11 студентті іріктеп алды. Олар интернет-олимпиаданың екінші кезеңіне қатысты. Сайлау заңнамасы бойынша үздік 11 оқушының ішінде Қазақстан-Америка Еркін университетінің студенті Вадим Дрепин болды. Олимпиаданың екінші кезеңінде Шығыс Қазақстанның намысын Вадим жалғыз қорғады.

Олимпиаданың қалай өткендігі туралы Вадимнің өзі айтып берді. Оның айтуынша, байқауға дайындалуға бірнеше күн бөлінген.

– Бірінші іріктеу кезеңі тестілеу түрінде өтті. Онда 45 сұрақ болды. Әр сұраққа 40 секунд берілді. Алдында дайындалған материалдардан алған біліміміз өте пайдалы болды. Сұрақтар әлем елдерінің, ТМД және Қазақстан Республикасының сайлау жүйелерінің негізгі түрлері мен ерекшеліктері туралы болды, – деді Вадим.

Екінші кезеңде азаматтардың сайлау құқықтары мен сайлау процесіне қатысты өзекті қоғамдық-саяси мәселелер бойынша пікірталас жүргізу дағдыларын көрсету қажет болды. Қатысушыларды бағалаған қазылар алқасының құрамына Орталық сайлау комиссиясының, ҚР ОСК аппаратының, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері, конституциялық және сайлау құқығының жетекші ғалымдары мен сарапшылары кірді.

Вадимнің айтуынша, әр қатысушыға тақырып және пікірталасқа дайындалуға 10 минут уақыт берілді.

– Осы уақыт ішінде біз әртүрлі дереккөздерді қолдана отырып материал жинап, белгілі бір тақырыпқа дәлелдері бар видео жасадық. Мен қызықты тақырыпты алдым: аудиторияға көбірек әсер ететін кім, блогерлер немесе БАҚ? Екінші кезең туралы қысқаша айтатын болсақ, онда біз түсірген материалымызды қорғадық. Мен бұқаралық ақпарат құралдарының аудиторияға әсері әлі де көп деп санаймын. Себебі блогер-бұл, ең алдымен, ғаламторда өз күнделігін жүргізетін адам, мәтіндік хабарламалар, подкасттар салады. Оның қызметінің ерекшелігі-аудиториямен мақсатты түрде жұмыс істейді, яғни адамдар одан ақпарат алу үшін нақты оның парақшасына жазылады, олар үшін оның субъективті пікірі маңызды. Блогерлер БАҚ-қа қарағанда арнайы аудиторияға әсер етеді, ал журналистер Халыққа хабар тарату, телехабар дайындау, мерзімді баспа басылымдары, сайттар арқылы өзара әрекет етеді. БАҚ-та барлығы қамтылады, – деп ойымен бөлісті Вадим Дрепин.

Ұлттық қазылар алқасы қатысушылардың өнерін кәсіби сарапшылар мен психологтарды тарта отырып әзірленген критерийлер бойынша бағалады. Сонымен қатар, қазылар алқасы бірауыздан сөз сөйлегендердің зияткерлік және аналитикалық әлеуетін, аргументтілігі мен логикасын атап өтті. Вадим үздік деп танылды, ол екінші кезеңде 122 ұпай жинады. Ол үшін Олимпиаданың басты жүлдесі желтоқсан айында Санкт-Петербургте «Демократияны дамыту мониторингі халықаралық институтының» қолдауымен өткізілетін «Жастар парламентаризмі ТМД елдерінің тұрақты саяси дамуы мен әріптестігінің негізі ретінде» халықаралық жастар мектебіне қатысуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, қазір Вадим Дрепин “Құқықтану” мамандығы бойынша ҚАЕУ-де 4-курста оқиды.

– Маған бұл бағыт өте қызықты. Менің анам-адвокат, және ішкі жұмысты мен қарап көргем. Мен де осылай жұмыс істегім келеді деп шешім қабылдадым. Мен азаматтық бағытта оқимын. Болашақта университетті бітіргеннен кейін тәжірибе жинап, жеке кәсіпорында заңгер болуды жоспарлап отырмын. Бірақ, табиғатты қорғау прокуратурасының қызметіне қатты қызығамын. Бізде экологиямен, атап айтқанда атмосфералық ауаның ластануымен байланысты көптеген проблемалар бар. Қазір мен ғылыми жетекшіммен бірге экология тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізудемін. Мүмкін, мен әлі де табиғатты қорғау прокуратурасымен өмірімді байланыстырамын, – деп өз жоспарыммен бөлісті.

Айта кетерлігі, юриспруденциядан басқа, болашақ заңгер философия, әлеуметтану, саясаттану, қолданбалы психологияны жақсы көреді және шешендік өнерді дамытумен белсенді айналысады. Мұның бәрі болашақта таңдаған мамандық бойынша еңбек жолында көмектесе алады. Сонымен қатар, Вадим белсенді өмір салтын ұстанады, табиғатқа аясында демалады, шаңғымен сырғанайды, автомобильдерді жақсы көреді, гитарада ойнайды, түрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатысқанды ұнатады.

Вадим Дрепиннің айтуынша, барлық байқаулардағы басты марапат-бұл жаңа білім, дағдылар мен қабілеттерге ие болу.

– Барлық студенттерге табандылық тілеймін, өйткені кез-келген білім бірден туындамайды, әдебиетке тек оқу процесі аясында ғана емес, сонымен қатар басқа басылымдарға да қызығушылық танытып, басқа мамандардың тәжірибесін қабылдау керек. Кез – келген қызметтегі жетістік біздің бастамамызға байланысты, ол неғұрлым көп болса, соғұрлым адам жақсы нәтижеге қол жеткізе алады”, – деді Вадим.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button