
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жалған құжатты Семей қаласының 32 жастағы тұрғыны өзі жұмыс істейтін қаланың кәсіпорындарының біріне көрсету үшін пайдаланған.
Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың шілде айында аталған азамат ақшалай сыйақы беру арқылы белгісіз тұлғалардан қаладағы зертханалардың бірінің атынан рәсімделген теріс нәтижесі бар тестті үш рет сатып алған.
- 32 жастағы күдіктінің бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша – көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сараланды. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде сот үкімімен ер адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалды”, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Полиция департаменті жалған құжаттарды қолдан жасағаны және сатқаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Ол бойынша жаза 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Semeynews.kz