
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай факті Шемонаиха ауданындағы емханалардың бірінде орын алған. Осындай заңсыз әрекеттер Семей қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде де анықталды. 27 жастағы қала тұрғыны, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып короновирус инфекциясына қарсы вакцинациялау пасторттарын жасап, оларды сатумен айналысқан. Вакцианация паспорттарын 10 000-нан 15 000 теңгеге дейін сатқан.
Курчатов қаласында жалған электронды паспортты пайдаланған 43 жастағы ер адам ұсталды. Ол оны ағымдағы жылдың шілде айында өзінің танысы арқылы жасатқан. Бұл жерде оның құны 15 000 теңгені құраған.
Қазіргі уақытта аталған үш факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы заңсыз әрекетке өзге тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде. Аталған бап бойынша айыппұл төлеуден 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Semeynews.kz