
Бұл туралы онлайн-брифингте Семей қаласының теміржолшылар емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Виктория Глухова мәлімдеді.
- Қазіргі уақытта індеттен қорғанудың жылғыз жолы, ол – вакцинациялану. Біздің емханада бірінші компонентпен 10 мың адам, екінші компонентімен – 6 759 адам вакцинацияланды. Қазіргі уақытта бізде «QazVac» және «Sinovac» вакциналары бар. Бұл белсенді емес вакцина, ол 14 күн аралықпен қабылданады. Вакцинация бүгінде оңай өтеді. Өлім-жітім және ауыр жанама әсерлер болған жоқ. Масканы тағып жүруге тоқталатын болсақ, вакцина алғандар да маска тағулары қажет. Себебі, әлі де болса жеткілікті деңгейде ұжымдық иммунитет қалыптасқан жоқ, – деді Виктория Глухова.
Semeynews.kz