ҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейТОП
Семейді сол жағалауы ауыз сусыз қалады
Семейдің сол жағалау бөлігінде ауыз су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Семей Водоканал” МКК ақпаратына сүйенсек, су қабылдағыштар мен сумен жабдықтау желілерін пайдалану талаптарына сәйкес, берілетін ауыз су сапасының төмендеуін болдырмау үшін су құбыры қондырғылары мен желілеріне бір реттік заласыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Қаланың сол жағалауында ауыз су 22 қыркүйектегі сағат 20:00-ден 23 қыркүйектегі сағат 06:00-ге дейін болмайды.
“Көрсетілген мерзімде, құбырда су болған жағдайда да ауыз суды пайдалануға болмайды!”, – деп ескертті кәсіпорында.
Semeynews.kz