ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да орман өрті жалғасуда

Шығыс Қазақстанда орман аумағында шыққан өртпен күресу жалғасуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман шаруашылығының қызметкерлері 17 қыркүйектен бастап, Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай орман шаруашылығында найзағай түсуінен шыққан өртпен күресуде.

“Өтуі және жету қиын учаскелер өртті сөндіруді қиындатуда. Орман шаруашылығының қызметкерлері және өрт сөндірушілер жанған жерлерден жаяу өтіп, арнайы рюкзак өрт сөндіргіштерінің көмегімен сөндіруде”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта ашық өрт жоқ, тек түтіндеуде. Алдын ала болжам бойынша өрт алаңы 3,5 Га. Тілсіз жауды ауыздықтауға 74 адам және 11 бірліктегі техника жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button