ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО – да ер адам тапанша мен мылтық жасаған

Глубокое ауданының тұрғынынан қолдан жасалған атыс қаруларының арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен өңір тұрғының үйінде тінту жүргізді.

Нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жері мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді.

Олардың қатарында 5,6 мм калибрлі патрондармен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған мылтық, сәйкесінше 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ қарудың әртүрлі компоненттері бар.

Ұсталған адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бір бөлігін үйде қолдан жасаған.

  • Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сараланды, олар бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Semeynews.kz

Фото: ШҚО ПД

Осы айдарда

Back to top button