ҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейТОП

Cемейдің бірқатар көшелері ауыз сусыз қалды

2021 жылғы 19 қыркүйекте  д-500 мм магистральды су таратқыш құдықтан су кету жағдайы орын алды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы ақпарат қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Апатты жою үшін су таратқыш учаскесі жабылды. Сол себепті Бөгенбайұлы 30, 32, 36, 38, Первомайская 37, 246, Өтепбаев 44, 50, 50а, 52, Селевин 12, 15, Внутриквартальная 4, 6, Сорокин 34, Новостройка 5, Заря 39, Әуезов 52, 15мкр, 18, 20 және 56 үйлерде барлығы 1105 абонентке су беру тоқтатылды. Апатты жоюға 3 техника, 6 адам жұмылдырылды.
Апат барынша қысқа мерзімде жойылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button