Covid-19ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да медицина қызметкері вакцинацияның жалған паспорттарын жасаған

Шығыс Қазақстандық полицейлері вакцинацияның жалған паспорттарын жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау бойынша іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өткен аптада Ұлан ауданындағы ауылдық мекендердің біріндегі дәрігерлік амбулаторияның 54 жастағы қызметшісі халықты вакцинациялау үшін негізгі жалақыға үстемеақы алу мақсатында, аудан тұрғындарына екпе алмай вакцинация паспортын алуды ұсынған.

Белгілі болғандай, медициналық препарат раковинаға құйылған, ал базаға жалған мәліметтер енгізілген. Осындай процедураны бірінші кезеңде жасап, тура осы әрекетті екінші кезеңде қайталауды жоспарлаған. Алайда, полицейлер оның бұл әрекетін жүзеге асыруға жол бермеді.

  • Аталған медицина қызметкерінің іс-әрекетіне ҚР ҚК 385-бабы бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде процессуалдық баға беріледі. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, осындай заңсыз қызмет көрсеткен тұлғалар анықталуда, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Талғат Шаяхметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button