ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да 24 бірлік қару тәркіленді

23-29 тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жедел профилактикалық іс-шараны өткізу барысында Полиция департаментінің және Ұлттық ұланның жеке құрамы күшейтілген қызмет өткерді.

  • Бес күн ішінде тәртіп сақшылары 150-ге жуық қылмысты ашты, оның ішінде 50-і бұрын жасалған, сондай-ақ жедел уәкілдер іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады,- деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

9 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, олардың ішінде 1349-ы ұсақ бұзақылық, 1951-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде болу, 1 561-і тіркеусіз және жеке куәліксіз тұру фактілері. 8 мыңнан астам есепте тұрған адамдар тұрғылықты жерлері бойынша тексерілді.

Заңсыз айналымнан 24 бірлік қару тәркіленді.

Зайсан ауданының Жаңа Тұрмыс ауылының 35 жастағы тұрғынынан 2 дана заңсыз сақталған қару табылды. Алынған зат 16 калибрлі тегіс ұңғылы бір ұңғылы мылтық және 12 калибрлі екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық екендігі анықталды. Сараптама тағайындалды.

Мылтықтың бірін  оның танысы жөндеу үшін бергені белгілі болды. 35 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі «заңсыз сақтау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ 52 жастағы ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі «қаруды заңсыз беру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

86 жүргізуші көлік құралдарын мас күйде басқарғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жедел профилактикалық іс-шара кезінде полиция қызметкерлері көлік жүргізу құқығынан айырылған, сондай-ақ алкогольдік және есірткілік масаң күйдегі адамдардың көлік құралын басқаруының 6 фактісін анықтады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button