Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО тұрғындарының 60 пайыздан астамы вакцинаның бірінші компонентін алды

Шығыс Қазақстанда тұрғындарды жаппай вакцинациялау кампаниясы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Semeynews.kz

Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, жаппай вакцинациялау басынан бастап өңірге 964 620 короновирусқа қарсы вакцина әкелінген. Оның 551 720 – бірінші компонент дозасы, 412 900 – екінші компонент дозасы. Бұған дейін өңірде вакцинаның төрт түрі болған, олар – «Спутник V», QazVac, Hayat-Vax, CoronaVac. Қазіргі уақытта облысымыздағы ауруханаларда «Спутник V» және отандық QazVac вакциналары бар. Барлығы 68 мыңға жуық бірінші компонент, 29 мың екінші компонент дозасы қалды. Тамыз айында қытайлық Sinopharm вакцинасын әкелу күтілуде.

Қазан айына дейін облыста 747 мың адамға екпе қою жоспарлануда. Қазіргі уақытта екпенің бірінші компонентін 483 тұрғын алды. Екінші компонентпен 383 мың адам егілді. Вакцинаның бірінші компонентін облыс тұрғындарының 65 пайызы алды, ал вакцинация процедурасын тұрғындардың 51 пайызы аяқтады деуге болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button