Covid-19СемейТОП

Семейде короновирус инфекциясына қарсы вакцинациялау кампаниясы жалғасуда

Бүгінгі таңда Семей қалалық № 2 емханасында 11 мыңнан астам адам вакцина қабылдады. Бұл туралы онлайн-брифингте Семей қ. № 2 емханасының алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Надежда Краснюкова мәлімдеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • Вакцинациялау ақпан айында басталды. Алғашында вакцинаны медицина қызметкерлері алды. Содан кейін жаппай вакцинациялау басталды. Ақпан айынан бастап вакцинаны 11,5 мың адам алса, оның 9 мыңнан астамы вакцинаның екі компонентін алды. Қазіргі уақытта вакцинациялау ресейлік Спутник V вакцинасымен екі кезеңде жүргізілуде. Біз қала тұрғындарын вакцинациялануға шақырамыз, осылайша сіздер өздіріңіздің және жақындарыңыздың өмірлерін сақтайсыздар, – деп қорытындылады Надежда Краснюкова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button