
Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 4 – 10 тамызы аралығында 15 мониторингтік топпен карантин талаптарын (санитарлық дәрігердің қаулысын) бұзудың 33 фактісі анықталды. 16 үйлену тойы, 8 еске алу асы, 5 мерейтой, бір неке қию ұйымдастырылған. Бір нысан «Ашық» бағдарламасына тіркелмей қызмет көрсеткен, бір нысан маскалық режімді сақтамаған.
Өткен тәулікте Семейде шектеу шараларын бұзудың үш фактісі анықталды.
Шектеу шараларын бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылады.
Semey News