Covid-19ҚазақстанТОП
Қазақстанда 4,5 млн адам коронавирусқа қарсы егілді
10 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 879 016 адам, 2-ші компонентін 4 505 662 адам салдырды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Вакцинаның екі компонентін алған өңірлер арасында алдыңғы орында Алматы қаласы тұр – 619 144 адам. Одан кейін Түркістан облысы – 468 376, Алматы облысы – 457 562, Шығыс Қазақстан облысы – 365 940, Қарағанды облысы 318 151 тұр.
Semey News