ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да колония қоршауынан телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды

Сәтсіз әрекеті үшін Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына айыппұл салынады, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде 156/2 мекемесінің қызметкерлері ұялы телефондар мен сим-карталардың партиясын колонияға өткізу әрекетінің алдын алды.

Облыс орталығының жас тұрғыны колонияның қоршауына таспаға оралған қорапты лақтырмақ болған. Заңсыз әрекетті мекеме қызметкерлері тоқтатты. Жас жігіт мекеменің іргелес аумағының бірінде ұсталды. Оның сөзі бойынша ол қоршау бойымен кешкі серуенге шыққан.

Тексеру кезінде қораптан екі смартфон мен сим-карталар тәркіленді. Ер адам осы тиым салынған заттарды  сотталғанға лақтыруға тырысқанын мойындады.

–        Тыйым салынған затты мекеме аумағына лақтыруға тырысқандарға ғана емес, сонымен қатар  тиым салынған заттар арналған адамдарда да жауапқа тартылады. 23 жастағы азамат ҚР ӘҚК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді ОВ 156/2 мекеме басшысы Еркін Кабин.

Жиналған материалдар шешім қабылдау  үшін сотқа жолданды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button