Covid-19ҚоғамСемейТОП
Семейде тұрғындарды COVID-19 қарсы вакциналау компаниясы жалғасуда
2020 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Семейдің № 1 емханасында біржарым мыңнан астам КВИ-мен науқастану фактісі тіркелген. Бұл туралы онлайн-брифингте Семей қаласының № 1 емханасының ОДО меңгерушісі Гузяль Нигматуллина мәлімдеді, деп хабарлайды Semey News.

- 2020 жылдан бастап COVID-19 науқастанудың 1 183 жағдайы, 2021 жылдың 7 айында – 582 жағдай тіркелді. Осыған байланысты вакцинациялау жалғасуда. Қазіргі уақытта вакцинациялау Спутником V вакцинасымен екі кезеңде жүргізілуде. Біріншісіне пациенттердің өздері келеді, медициналық қаралудан өтеді, осыдан кейін вакцина қойылады. Екінші кезеңге автоматты түрде шақырылады. Осы уақытқа дейін біздің емханада вакцинаның кері әсерлері байқалған жоқ. Жалпы, вакцинаға болжамды реакциялар: шамалы дене қызуы, әлсіздік, екпе орнының қызаруы, мұнда тұрған қорқыныш жоқ. Кері әсерлері: анафилактикалық шоктың болуы, жүктілік, лактация кезеңі, созылмалы және инфекциялық аурулардың болуы. Қазіргі уақытта 15 жастан жоғары балаларды вакцинациялау сұрағы қарастырылуда, – деді Гузяль Нигматуллина.
Дәрігерлер тұрғындарды вакцинацияға немқұрайлы қарамауға және өзіңді және өз жақындарыңды қауіпті вирустан қорғауға шақырады.
Semey News