Covid-19ШҚОТОП

Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары түрлі ынталандыру сыйлықтарын ала бастады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша университеттер білім алушылар мен қызметкерлер арасында вакцинацияны қолдауды ынталандыру шараларын әзірлеп, жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Semey News

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде вакцинацияланған студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылып, жоо-ның 50 білім алушысы 15 мың теңге ақшалай сыйлық ұтып алды. Ынталандыру ұтыс ойыны осымен шектелмеді. Тағы 70 студентке осындай сауықтыру көмегі қарастырылған.

Шарт бойынша студенттер 8 тамыз бен 24 тамыз аралығында covid 19 вакцинасын алып, арнайы поштаға #Stop COVID-19 хэштегімен вакцинация процедурасын растайтын SMS хабарламаны жіберу қажет. 70 жеңімпаз 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алып, иммунитетін дәрумендермен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының жетекшілері Бұқтырма су қоймасының жағалауына немесе студенттермен бірге Абай орындарына қызықты саяхатқа бара алады.

Вакцинацияны материалдық қолдау және марапаттау тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button