
– Көзбен көрген соң әркім өзінің мұндай хәлге түсіп қиналғанын қаламайды. Сонда ғана көздері жетіп, вакцина алу жалғыз қорғаныс жолы екендігін түсінеді. Вакцинацияланғандардың жалпы санының тек 1,6 пайызы ғана коронавируспен ауырғанын атап өткім келеді. Олар ауруды жеңіл және орташа түрде бастан өткерді. Ешқайсысы реанимацияға жеткен жоқ. Себебі олардың иммунитеті мен антиденелердің титрі жоғары, – деді Ермек Омарбеков.
Жалпы, бүгінгі таңда өңірде вакцинаның бірінші компонентін 440 мыңға жуық адам алса, екінші компонентін 335 мыңнан астам адам алған. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцина жеткілікті мөлшерде екенін атап өтті. Қазіргі уақытта аймақта 80 мың вакцина дозасы бар. Жаңа жеткізілімдер күтілуде.
Semey News