ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда өткен демалыс күндері тағы үш адам суға батып кетті

Облыс аумағында өткен демалыс күндері үш қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Semey News.

31 шілдеде Семейдің Озерки ауылында жабдықталмаған жерде суға шомылып жүрген 1999 жылғы азамат суға батып кетті. Анықталғандай, ол достарымен және туыстарымен бірге демалуға барған, ұзап малтып барып, сол жерде суға батқан. Құтқарушылар жігіттің мәйітін жағадан 40 метр қашықтықта 3 метр тереңдіктен алып шықты.

Сол күні, осы оқиғадан кейін арасы жарты сағат, «112» қызметіне «Бобровка» саяжай қоғамының аймағында 2007 жылғы қыз бала суға батып кеткені туралы хабар түсті. Ол жағалауда отбасымен бірге демалған. Құтқарушылар қыз баланың денесін 5 метр тереңнен алып шықты.

Тағы бір қайғылы оқиға 1 тамызда Өскемен қаласында орын алды. Бұл жерде 20 жастағы жігіт саяжай аймағында белгіленбеген жерде суға шомылып, батып кетті.

Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button