ШҚОҚылмысТОПШҚО

Шығысқазақстандық полицейлер ізін суытпай бірнеше ұрлықты ашты

Глубокое ауданының полицейлері ізін суытпай бірнеше ұрлықты ашты, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Глубокое ауданының ПБ кезекші бөліміне Өскемен қаласының 53 жастағы тұрғыны Степное ауылындағы саяжай қоғамының бірінде орналасқан саяжай үйінің кіре беріс есігінің аспалы құлпын белгісіз біреулер бұзып кіріп, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап кеткені туралы өтініш білдірді.
19 шілдеде Глубокое ауданының полиция бөліміне Өскемен қаласының 50 және 71 жастағы тұрғындары тура осындай өтінішпен жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды.

  • Оның Глубокое ауданының аумағында осыған ұқсас үш қылмыс жасауға қатыстылығы анықталды. Келтірілген жалпы шығын сомасы 350 000 теңгеден асады”, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарға көптеген ұрлықтарды қаскүнемдер жасайтынын еске салады, олар көбінесе құнды заттар мен үйлерін қараусыз қалдыратын азаматтардың бейқамдықтарын пайдаланады.

Егер Сіз қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу ішкі істер бөліміне “102” телефоны арқылы хабарласыңыз.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button