ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол-көлік оқиғасы: жолаушы көз жұмды, жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Жол-көлік оқиғасы кеше түнде Семей-Өскемен бағытындағы тас жолда болды, деп хабарлайды Semey News.

47 жастағы Nissan Almera көлігінің жүргізушісі 20 шақырымда алдағы көлікті басып озбақ болып, қарсы келе жатқан Audi көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Nissan Almera көлігі кюветке шығып кетіп аударылған.

Nissan Almera көлігіндегі 46 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші және екінші жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

“Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. бірқатар сараптамалар жасалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады”, – деді ШҚО ПД.

Semey News

osa_uka_vko видеосы

Осы айдарда

Back to top button