ҚоғамСемейТОП

Семейде жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі уақытта Семейде жеке сектор тұрғындары үшін отын сатып алынуда. Биылғы жылы тұрғындардың қажеттілігі үшін 260 мың тонна көмір жоспарланды, деп хабарлайды Semey News.

Бұл туралы жылыту маусымына дайындық жөніндегі штаб отырысында қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев мәлімдеді.

  • Көмірді жеткізумен «Жігер» ЖШС (бір тонна көмірдің құны – 9 200 теңге) және «Семей көмір» ЖШС (72 кварталдағы көмір тұйығы) айналысады. Сондай-ақ сатылымда көлік қызметін ескере отырып, жоғары сапалы көмір де бар, оның құны тоннасына – 12 700 теңге. Сортты емес көмір, көлік қызметін ескере отырып, тоннасы – 10 700 теңге. Негізгі кезеңде, жаппай көмір сатып алатын – тамыз-қыркүйек айларында, сәйкесінше тұйықтар бойынша мониторинг жүргізетін боламыз. Осының бәрі жеке секторларда тұратын тұрғындардың дайындығына әсер етеді. Тұрғын үй қоры нысандарына тоқталсақ, өздеріңіз білетіндей, орталықтандырылған жылу жүйесіне 1187 тұрғын үй қосылған, бүгінгі таңда олардың 423 үйі жылу маусымына дайын. Бұл, әрине, аз көрсеткіш, осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бөлім мамандарынан жұмыс топтары құрылып түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлады А.Өтелбаев.

Осындай көмір сатып жұмыстары білім беру нысандары үшін де жүргізілуде. Семей аймағында барлығы 66 мектеп бар, олардың 51 қалада орналасқан. Орталық жылу жүйесіне 43 мектеп қосылған, 8 мектеп автаномды жылытады. Қазіргі уақытта 19 мектепке көмір жеткізу туралы құны 125 247 мың теңгені құрайтын келісім жасалған. 12 мыңнан астам көмір сатып алу жоспарлануда. Жұмысты 1 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button