ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда жеткіншек саусағына бұранда киіп шеше алмаған

Өскемендік құтқарушылар саусағына металл бұранда киіп, артынша өздігімен шеше алмаған жеткіншекке көмектесті, деп хабарлайды Semey News.

9 жасар бала саусағына металл бұранда тағып, сондай “әшекеймен” саусағы іскенше жүрген. Баланың ата-анасы өздігімен шешпек болған, алайда бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды. Металл бұранда саусағына кептеліп қалған. Дәрігерлер баланы қарап, артынша құтқарушыларды шақырған.

“Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бастапқыда бұранданы электр кескіш арқылы алмақ болды, алайда металл бұранда үйкелістен кейін ысып, баланың қолын ауыртқан. Осыдан кейін металл “сақинаны” темір ара көмегімен алуды шешті. Бұранда қалың металлдан жасалғандықтан, баланың қолындағы “әшекейді” алуға 20-25 минут кетті”,- деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде.

Құтқарушылар бұранданы сәтті кесіп алып тастады. Дәрігерлер баланы қарап үйіне қайтарды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button