ШҚОНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРТОПШҚО

“Өскемен-Семей” тас жолында жылдамдық өлшегіш орнатылды

Шығыс Қазақстанда "Өскемен-Семей" тас жолында жылдамдық өлшегіш орнатылды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласындағы әуежай жөндеуге байланысты жабылғандықтан республикалық маңыздағы “Өскемен-Семей” тас жолындағы көлік қозғалысы тәулігіне 4 073-тен 5 473-ке дейін өскен. Сәйкесінше жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. ЖКО ұшыраудың негізгі себептерінің бірі – жылдамдықты арттыру.

“Жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету және көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында, әкімшілік полициясы басқармасының нұсқамасы негізінде, “Өскемен-Семей” тас жолының авариялық-қауіпті учаскелеріне жылдамдық өлшеу қондырғылары орнатылды”, – деп хабарлады ШҚО ПД.

ШҚО ПД

Semey News

Осы айдарда

Back to top button