
Шығыс Қазақстанда туризмді одан ары дамытуда аймақаралық көлік қатынасын ұлғайту және аймақішілік желілерді оңтайландыру көзделді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің кеңейтілген жиналысында айтылды.
- Туризм – аймақ экономикасының негізгі саласының бірі, ол табиғаты бай және мәдени көрікті жерлер, сонымен қатар белсенді және сауықтыру демалыс орындары. Бұл саланы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып одан ары жетілдіруіміз қажет, оны уақыттың өзі талап етеді, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сонымен қатар облыс әкімі туризм саласын жетілдіру үшін, бірінші кезекте инфроқұрылымды жетілдіру қажеттігін атап өтті. Біріншіден – көлік қатынасын, екіншіден – логистиканы дамыту қажет. Бұрынғысынша санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына мұқият бақылау жалғасуда.
Облыста жаз маусымындағы басты туристік орталық, ол – Алакөл көлінің курортты-рекреациялық шығыс жағалауы. Оны дамытуға бағытталған ауқымды жобалар жүргізілуде, олардың бірі – Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау. Оның ұзындығы екі шақырым. Жарық-сигналдық жабдық орнатуға бюджеттен 600 млн теңге бөлінді. Жаңартылған Үржар ауылының әуежайы заманауи Embraer 190, Bombardier Q-400, CRJ-200 реактивті және турбовинтті ұшақтарын түнгі уақытта да қабылдай алады. Бұл Алакөл көлінің жағалауындағы туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді.
Даниал Ахметов 17 маусымнан бастап Алакөл жағалауына Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей және Өскемен қалаларынан қосымша рейстер ашылғанын, олардың саны 61 вагонға өскенін, осы бағыттағы автобустар саны екі есе артқанын айтып өтті.
Суға түсу маусымы басында жағалауда су астын тазалау жұмыстары жүргізілді, курорттық аймақта полиция жасақтарымен, құтқарушылардың патрульдерімен күшейтілді. Көлге іргелес аумақта электр қуатымен және сумен жабдықтау желісінің, демалушылардың қауіпсіздігіне жауапты қызметтер орналасатын әкімшілік ғимаратының құрылысы жалғасуда.
- Биылғы маусымда шығыс жағалауда 163 қонақ үй мен демалыс базалары қызмет көрсетуде. Олардың 94 Ashyq бойынша жұмыс істеуде. Жергілікті 900 қызметкердің 80 пайызы короновирусқа қарсы екпе алды. Өткен жылдағыдай, біз Алакөлді Covid-19 еркін аймағына айналдырамыз. Естеріңізге сала кетейін, 2020 жылы, ПТР анықтамасының міндетті ережесін енгізгенде, жағалауда КВИ науқастану жағдайы тіркелген жоқ, – деп атап өтті Даниал Ахметов.
Сонымен қатар облыс әкімі туристердің демалуына жағдай мүмкіндігінше өркениетті болу керек екенін, сондықтан сол жерде инфрақұрылымға өзгерістер енгізу қажет екенін атап өтті.
- Жағалауда барлығы 347 бизнес нысандары кәсіпкерлік қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда демалушыларға ыңғайсыздық тудырмау үшін кафелер мен дәмханалардың орналасу кестесі қайта қаралды. Сонымен қатар біз Алакөлде жыл сайынғы музыкалық фестиваль өткізгіміз келеді. Осы мақсатта биылғы жылы Бакудегі «Жары» сияқты халықаралық фестивалдар өтетін орынға айналатын AlaZONE ашылады, – деді ШҚО әкімі.
Сонымен қатар Даниал Ахметов сауда ережелерін сақтай отырып, жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдерін жеткізуді реттеуге тапсырма берді.
Semey News