ШҚОҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО
Жарма ауданында 10 отбасына жаңа үйдің кілттері табысталды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл және Астана күні мерекесіне орай Жарма ауданында 10 отбасына тұрғын үй кілттері табысталды, деп хабарлайды Semey News.
«Бір қабатты Шығыс» жобасы аясында бой көтерген жаңа үйлердің кілттерін аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин табыстады.
Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы аз қамтылған көпбалалы отбасыларына және әлеуметтік осал санаттағы отбасыларына Жарма ауданында «Бір қабатты Шығыс» жобасы шеңберінде 24 екі пәтерлі жер үйлер салынған. Жекелей алғанда, Қалбатау ауылында 19 үй немесе 38 пәтер, Шар қаласында 5 үй немесе 10 пәтер пайдалануға берілген.
Қалбатау ауылында жаңадан бой көтерген екі пәтерлі бес үйде көп балалы он отбасы тұратын болады.
- Біздің отбасымыз бүгін өте қуанышты. Біздің арманымыз орындалды! Біздің өзіміздің кең, әрі әдемі үйіміз болады. Бізге қамқоршылық көрсеткен мемлекетімізге алғысымыз шексіз, көп рахмет! – деп қуанышымен бөлісті пәтер алған Маржан Қияқбаева.
Semey News