ШҚОҚоғамТОП

2 000-нан астам шығысқазақстандық малды қараусыз жібергені үшін жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мал ұрлығының алдын алу бойынша тұрақты  негізде жұмыстар жүргізуде. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2021 жылы мал ұрлығы 14%-ға төмендеді, деп хабарлайды Semey News.

Тіркелген мал ұрлықтарының негізгі бөлігі еркін жайылымнан, яғни иелері малдарын қараусыз қалдырған уақытта орын алады. Кейбір жағдайларда ұрлық мүлдем болмаған, себебі мал өрістен алыс қашықтыққа жайылып, кейін жоғалып кеткен. Мұндай өтініштер бойынша полиция  дер кезінде көмек көрсетіп, іздеу жұмыстарымен де айналысады.
Ағымдағы жылы мал ұрлығын жасағаны үшін облыстың 49 тұрғыны ұсталып, 6 топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді және иелеріне 500-ден астам мал қайтарылды.
Облыс бойынша қараусыз қалған малға арналған 277 айыппұл тұрағы құрылған, онда 8 мыңға жуық
мал басы қамалып, 2 000-нан астам тұрғын ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін
бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті малды, әсіресе түнгі уақытта қараусыз қалдырмауға шақырады. Жануарларыңызды  ұйымдастырылған табындарда жая отырып, Сіз, ең алдымен, оларды қолды болудан және жол-көлік оқиғаларынан сақтайсыз.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button