ШҚОҚоғамТОП

ШҚО-да жаяу жүргіншілерге жол бермейтіндерді ұстап жатыр

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 1-3 шілде аралығында «Жаяу жүргіншілер өтпесі» профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды AltayNews ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған ЖПІШ аясында жол жүрісі қағидаларының өресел бұзушылықтарының жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіледі, оның ішінде жаяу жүргіншілер өтпесінен өтуге, сондай-ақ басып озу, маневр жасау, қауіпсіздік белдігін және балаларды ұстауға арналған құрылғыларды пайдалану қағидаларын, жылдамдық режимін бұзушылықтарға ерекше назар аударылатын болады.

Анықтама түрінде: 2021 жылдың 6 айында облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 10 адам қаза тауып, 109 адам әртүрлі жарақаттар алды.

Жылдың басынан 120 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде

– жаяу жүргіншілер өтпесінен өту– 5017 бұзушылық,

– мас күйде КҚ басқару– 885 бұзушылық,

– телефон пайдалану– 8075 бұзушылық,

– қарсы қозғалыс жолағына шығып кету – 614 бұзушылық,

– Жаяу жүргіншілердің ЖЖҚ бұзулары – 19 605 бұзушылық.

Аталған іс-шара апаттылықтың профилактикасына және оны төмендетуге бағытталған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button