ШҚОҚоғамСемейТОП

Семей еліміз үшін үлкен тарихи құндылыққа ие шаһар – Даниал Ахметов

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының жаңа әкімімен және депутаттармен алғашқы кеңес өткізді. Онда жақын арада атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспары талқыланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атап айтқанда, біріншіден, депутаттар вакциналау процесін нығайтуға атсалысуы қажет. Себебі, Семей қаласында бұл процесс баяу жүріп жатыр. 1 қыркүйекке дейін барлық мұғалімдерді вакцинациялау көзделіп отыр. Ал бүгінгі таңда мұғалімдердің 68%-ы ғана вакцинацияланған.
Екінші маңызды және өткір мәселе – қаланы жылумен қамтамасыз ету. Қазір Семейдегі барлық қазандықты жөндеу және реконструкциялау ғана емес, сонымен қатар олардың қуатын арттыру бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. 36%-ды құрайтын, қаржылай 1,5 млрд теңге болатын жылу шығынын болдырмау үшін гидравликалық режимді сақтай отырып, мәселені шешу көзделіп отыр.⠀
– Біз қаланы дамыту жұмыстарын жалғастырамыз: 1200 және 300 орындық екі жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Семей ядролық полигонындағы сынақтан зардап шеккен азаматтар үшін оңалту орталығының құрылысы басталады. Бұдан бөлек, Бейбітшілік аралын қайта жаңғырту жобасы әзірленетін болады. Ол жер қала тұрғындары демалып қана қоймай, спортпен шұғылданатын орынға айналуы тиіс. Қала тұрғындары үшін маңызды тағы бір жоба – автомобиль көпірін жөндеу. Сондай-ақ, мен әкімге депутаттармен бірге асфальт төселмеген жолдары бар көшелерді жөндеу жөнінде үлкен бағдарлама әзірлеуді тапсырдым. Мұндай жолдардың 50%-ы қалада, – деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Облыс басшысының айтуынша, Семей қаласы әлі де дамымақ. Өйткені Семей еліміз үшін үлкен тарихи құндылыққа ие шаһар.

Осы айдарда

Back to top button