Сайлау
Абай облысында мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру басталды

Бүгін, 29 қараша күні Абай облысында барлық сайлау учаскелері ашылып, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру басталды.
Өңір бойынша барлығы 464 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның 35-і – жабық сайлау учаскесі. Жалпы облыста 400 074 сайлаушының дауыс беру құқығы бар.
Бүгін өңір тұрғындары облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлап, өңірдің алдағы дамуына қатысты өз таңдауын жасайды.
Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Сайлау комиссияларының басты міндеті – дауыс беру үдерісінің заңнама талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету.
Дауыс беру қорытындысы бойынша жергілікті өкілді органдардың жаңа құрамы жасақталады.



