ШҚОТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда «No way no waste»  атты эко акциясы өткізілді

ШҚО, Үржар ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасы аясында  «No way no waste»  атауымен қайта өңделетін шикізатты жинау бойынша алғашқы экологиялық акция өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан эко жәрмеңкені қолдауға көптеген жастар келді, деп хабарлайды Semey News.

Эко акциясының мақсаты-жастар арасында тәрбие жұмысын жүргізу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, экологиялық білім беру.

«Мен бұл акцияға бірінші рет қатысып отырмын.Негізі бұндай акцияны жыл сайын жастарды экологиялық тұрғыда тәрбиелеуге едәуір үлес қосу үшін ұйымдастырып отыру қажет», деді «Jas Otan» ЖҚ-ның белсендісі Гүлім Чаки.

ШҚО, Үржар ауданыныңдағы «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы Сүлейменов Фархаттың бастамасымен қолға алынған акция барысында үздік  жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button