Сайлау

Индира Дюсембаева: «Ауыл дамуына үлес қосу – басты мақсат»

№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Индира Дюсембаева сайлауалды ұстанымын таныстырды.

Кандидат өз сөзінде туған өлкенің дамуы, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы мен жергілікті халықты толғандырған мәселелерге басымдық беретінін атап өтті. Ауылда тұрып, еңбек етіп жүргендіктен, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігі мен тұрғындардың күнделікті мәселелерін жақсы білетінін жеткізді.

Индира Дюсембаеваның айтуынша, халыққа құр уәде емес, нақты іс қажет. Сондықтан әр тұрғынның пікірі ескеріліп, көтерген мәселелері назардан тыс қалмауы тиіс. Ол туған жеріне адал қызмет етіп, ел сенімін ақтауға дайын екенін білдірді.

*№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Индира Дюсембаева сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button