Тұрақты энергия – тұрақты даму: «Әділет» кандидаттары сала мамандарымен кездесті

Энергетика саласының сенімді жұмысы – тұрғындардың тұрмыс сапасы мен өңір экономикасының тұрақты дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Мұхит Тұрсынов, Ернар Тоқтаров, Ербол Тускенов, Анжела Маслова және Сабыржан Букашев «ОЭСК» АҚ ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, электрмен жабдықтау сапасы, сала мамандарының еңбек жағдайы және өңірдің тұрақты дамуына қатысты мәселелер сөз болды.
Кандидаттар энергетика саласының қоғам өміріндегі маңызын атап өтіп, кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
«Энергетика – тек өндіріс саласы емес, ол әрбір тұрғынның күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл бағыттағы мәселелерді шешуде сала мамандарының тәжірибесі мен ұсыныстарына сүйену маңызды. Тұрақты даму нақты міндеттерді айқындап, оларды жауапкершілікпен шешуден басталады», – деп атап өтті кездесу барысында Мұхит Тұрсынов.
Сонымен қатар кездесуде «Әділет» партиясының Абай облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Бағдарлама өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға және қоғамдық өкілдік жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Партияның ұстанымы бес басты құндылыққа – әділдік, отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогреске негізделген. Ал «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттары қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және елді мекендерді дамыту міндеттерімен сабақтасады.
Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.
Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді



