Сайлау
Кандидат Радик Сайфутдинов Жастар сарайының ұжымымен кездесті

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Радик Сайфутдинов Семей қаласындағы Жастар сарайының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ жастарды қолдау, олардың әлеуетін арттыру және жас буынға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған бастамалар сөз болды.
Кездесу қатысушылары қала дамуына қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.
*№20 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Радик Сайфутдиновтың сайлау қорынан төленді



