Семей
Семейде орташа жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Березовский кентінің Орталық көшесіндегі ұзындығы 1 шақырым 160 метр жол учаскесіне екі қабатты асфальтбетон жабыны төселді.
Жөндеу аясында кірме жолдарды ретке келтіру және өзге де жұмыстарды аяқтау жоспарланған.
Аталған жұмыстар жол сапасын жақсартуға және тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.



