Семей
Семейде сенбілік өтті

Семей қаласының Бейбітшілік аралында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға 300-ге жуық адам қатысты.
Сенбілік барысында аумақ қоқыстан тазартылып, жаяу жүргіншілер жолы ретке келтірілді. Қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, қаланың көрікті демалыс орындарының бірін абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты.
Мұндай экологиялық шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қаланың тазалығы мен көркін сақтауға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.



