Семейде тәулігіне мыңға дейін жол жиектасы өндіріледі

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы тақтатас пен жол жиектастарын өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Кәсіпорында өндіріс үдерісі толықтай автоматтандырылған заманауи жабдықтар арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде мұнда тәулігіне 500-ден 1000 данаға дейін жол жиектасы, сондай-ақ 400 шаршы метрге дейін тақтатас өндіріледі.
Кәсіпорынның ашылғанына небәрі екі жыл болғанына қарамастан, бүгінгі таңда нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығарып, құрылыс саласының сұранысын қамтамасыз етіп келеді.
Нысанды аралау барысында қала әкімі жергілікті өндірісті дамытуға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар өнім сапасын тұрақты түрде жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.
Ең бастысы – сапаға ерекше көңіл бөлу керек. Қажетті құрылыс материалдарының өз қаламызда өндіріліп жатқаны қуантады. Бұл – жергілікті кәсіпкерліктің дамуының көрінісі. Өнімдер жол жасауда да, абаттандыру кезінде де кең қолданылады, – деді қала әкімі.



