ҚазақстанПрезидент

Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Қазақстан Президенті соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіндегі Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті. Медицина мекемесінде 1941 жылғы шілдеден бастап соғыста жараланған 150 мыңға жуық жауынгер емделген. Олардың арасында Мемлекет басшысының әкесі Кемел Тоқаев та болды. Ол бұл жерде 1945 жылдың ақпанынан шілде айына дейін ем алған, — делінген хабарламада.

Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев майдангерлерге арналған Омбы госпиталінің құрылу тарихымен және қызметімен танысты.

Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Президент Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барды.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-maydanger-kemel-tokaevka-arnalgan-eskertksh-taktaga-gul-shogin-koydi-67df02c3

Осы айдарда

Back to top button