
Семей қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында жаңа «вафельді» жол таңбасы енгізілді. Аталған жол таңбасы қазіргі таңда қаланың екі ірі қиылысында сызылды.
Жаңа жол таңбасы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында, сондай-ақ Қабанбай батыр көшесі мен Қаржаубайұлы көшесінің қиылысында орналасқан.
«Вафельді» жол таңбасы – сары түсті тор көз түріндегі арнайы белгі. Ол жүргізушілерге алдыңғы бөліктегі көлік кептелісіне байланысты қиылыстан толық өтіп үлгермейтін жағдайда қиылысқа кіруге болмайтынын ескертеді. Бұл таңбаға тек қиылыстан еш кедергісіз толық өтіп кететініңізге сенімді болған кезде ғана кіруге рұқсат етіледі.
Жол қозғалысы қағидаларына сәйкес, вафельді жол таңбасының үстінде тоқтауға, алдыңызда бос орын болмаған жағдайда қиылысқа кіруге және басқа бағыттағы көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіруге тыйым салынады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол таңбаларының талаптарын сақтап, қиылысқа кірер алдында жол жағдайын мұқият бағалауларыңызды сұраймыз.



