Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және қала бөлімдерінің басшылары қатысты.
Отырыста бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мекеме басшылары баяндама жасап, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, тиісті бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін тапсырды.



