Абай облысыСемей

Семейдің тазалығына жауапты мекемеге жаңа техникалар келді

Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында «Зеленстрой» ЖШС-іне барып, мекеменің техникалық базасымен және жаңадан сатып алынған арнайы техникалармен танысты.

«Зеленстрой» ЖШС 2008 жылы құрылған. Кәсіпорынның негізгі қызметі – қаланы күтіп-ұстау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Қазіргі таңда мұнда 526 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның базасында 94 арнайы техника бар.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Семей қаласындағы мердігер ұйымдар материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жаңартып, заманауи техникалар сатып алуда. Бұл жұмыстар облыс орталығының санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, абаттандыру және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

«Зеленстрой» ЖШС 4 заманауи вакуумды-сыпырғыш техника мен 3 қоқыс тасымалдайтын арнайы көлік сатып алды.

Аймақ басшысы техникалық паркті жаңартудың маңызына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар нақты міндеттер қойды. Бұл жұмыстар тұрақты бақылауда болады. Өткен жылдан бері бағдарлама шеңберінде облысымызда ауқымды жұмыс атқарылып, коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Жаңадан алынған заманауи техникалар тұрғындардың игілігіне қызмет етеді деп сенемін. Қаланы таза ұстау тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, барша тұрғындардың ортақ міндеті. Сондықтан тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, заң мен тәртіп талаптарын сақтау маңызды. Шаһардың тазалығы ең алдымен өзімізге қажет. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сіздер де өз міндеттеріңізді сапалы атқарып, қаланың тазалығы мен тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне үлес қосыңыздар, – деді Берік Уәли.

Сонымен қатар, кәсіпорын жақын арада тағы 14 арнайы техника сатып алуды жоспарлап отыр. Оның ішінде жыл бойы пайдаланылатын 10 комбинирленген жол машинасы, 1 автогрейдер, 1 тиегіш және 2 тротуар тазалайтын техника бар.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button