Әділет Қожанбаев жас семейліктерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті жас достар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бала күлкісі – бейбіт өмірдің, шаттық пен бақыттың белгісі. Сондықтан өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Бүгінде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытында қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Қаламызда заманауи «Келешек мектептері», дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылып, Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Бұл – балалардың жан-жақты дамуына, олардың қабілетін шыңдап, биік белестерді бағындыруына жасалған үлкен мүмкіндік.
Мемлекетіміз балалардың қауіпсіздігіне, сапалы білім алуына, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуына ерекше көңіл бөліп келеді. Себебі бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел тірегі, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы.
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Семей қаласының әкімі
Әділет Нұрсағатұлы



