Абай облысыМерекеТОП

Берік Уәли православтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын әрі ұлық мереке – өмірдің салтанатын, рухани жаңаруды білдіріп, адамдардың жүрегіне сенім, үміт пен сүйіспеншілік ұялатады, мейірімділік пен ізгілікке бастайды.

Пасха – адамдарды мәңгілік құндылықтар төңірегіне топтастырып, қоғамдағы татулықты, бірлік пен өзара құрметті нығайтуға ықпал ететін маңызды мереке. Облысымызда түрлі діндер мен мәдениеттер өкілдері арасындағы келісім мен достыққа әрдайым ерекше мән беріледі.

Осы айтулы мереке әр шаңыраққа қуаныш, жылулық, береке мен бақ-дәулет әкелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбітшілік пен игілік тілеймін!

Берік Уәли,
Абай облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button